Парижде зергерлік дүкеннен 2 миллион еуро тұратын асыл тастар ұрланды

Парижде тапатал түсте «Шомэ» деп аталатын танымал зергерлік дүкен тоналып, ұры құны 2 миллион еуро болатын асыл тастарды қолды етті.

Полиция хабарлауынша, қылмыскер дүкенге электрлі скутермен келіп, ішке кіре салысымен күзетшілерге қару төсеген. Осыдан кейін қымбат заттарды сөмкесіне салып оқиға орынынан ізін суытқан. Қазір күдікті іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, «Шомэ» Франциядағы ең ежелгі зергерлік бұйымдарды сататын сауда үйінің бірі. 2009 жылы Парижде осы үйге қатысты тағы бір зергерлік дүкен тоналып, ұрлықшылар 2 миллион еуро болатын асыл заттарды қолды еткен еді.

Сондай-ақ...