Жапонияда соңғы бір тәулікте 7 мыңнан астам адамнан вирус анықталды

Жапонияда соңғы бір тәулікте 7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталып, вирусты жұқтырғандар саны артты. Осыған байланысты Токио қаласымен шекаралас үш префектура үкіметтен өз аумақтарында төтенше жағдай енгізуді сұрауға ниетті.

Ал жазғы ойындарды ұйымдастырушы комитет Олимпиадада тағы 16 коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлімдеді. Бірақ олардың ішінде атлеттер ауылында тұрып жатқандар жоқ.

Еске сала кетейік, қазірге дейін ойындарға қатысушы спортшыларды қоса есептегенде Олимпиадада вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 169-ға жеткен.