Чилидегі Чинчорро мәдениетінің қоныстары ЮНЕСКО мұрасына енгізілді

Чилидегі Чинчорро мәдениетінің қоныстары мен қорымдары ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілді.

Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 5450 жылдан 890 жылға дейін өмір сүрген теңіз аңшыларының мәдениеті адам денелерін жасанды мумияландырумен құнды. Бұл ең көне археологиялық орындардың бірі. Айта кетейік, бұл Чилидің ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген жетінші нысаны.