Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс болды

Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс болып, 3 армян жауынгері қаза тапты. Тағы екі сарбаз жараланған.

Әзербайжан жағынан да адам шығыны бары айтылады. Тараптар шекарадағы атыс үшін бір-бірін айыптап отыр. Еске сала кетейік, былтыр жаз айында Таулы Карабахтағы ахуал шиеленісіп, текетірес қыркүйекте Әзербайжан мен Армения арасында қарулы қақтығысқа ұласқан еді. Соғыс қараша айында Әзербайжан, Армения және Ресей президенттерінің әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге қол қоюымен аяқталды.