425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оңтүстік Кореяда екпе жайында жалған ақпарат таратқандар 7 жылға сотталады

  • 219
  • UPD: 03:06, 29.07.2021
Оңтүстік Кореяда екпе жайында жалған ақпарат таратқандар 7 жылға сотталады

Новосібір тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 30 мың рубль айыппұл төледі.

Ол Телеграм каналдардың бірінде екпеден кейін ер адамдар белсіздікке ұшырайды деп жазған.

Жалпы Ресейде қоғамдық палата волонтерлері биыл 30 мыңнан аса жалған ақпаратты анықтаған екен. Олардың көбі – коронавирус пен вакцинаға қатысты. Осы ретте құқық қорғаушылар бұл үшін айыппұлдан бөлек 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бар екенін ескертеді.

Ал Оңтүстік Кореяда вакцина туралы жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Немесе 50 миллион вона төлейді. Бұл 18 миллион теңгенің шамасы.

Израильде Денсаулық сақтау министрлігі жанынан жалған ақпаратпен күресетін арнайы топ жұмыс істеп тұр.

Жалпы, америкалық ғалымдар әлемде вакцинаға қарсы адамдар саны қолдаушыларға қарағанда аз екенін айтады. Ғалымдар Фейсбукте 100 миллионнан аса қолданушының хабарламасын зерттеп, осындай қорытындыға келген. Олар екпеге қарсы тараптың «вакцина салдырамын ба-жоқ па» деп екі ойлы боп жүруіне де әлеуметтік желінің көп әсер ететінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы