Анталиядағы орман өрті елді мекендерге жетті

Әйгілі Анталияның Манавгат ауданында төрт бірдей аумақтан өрт шығып, 50-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алды.

Оның біреуінің жағдайы ауыр. Орманда басталған тілсіз жау елді мекендерге жеткен. Осының салдарынан алты мөлтек ауданның тұрғындары түгелдей эвакуацияланды. Өртпен күреске 1 ұшақ, 19 тікұшақ, 192 өрт сөндіру машинасы жұмылдырылған. Бірақ отты сөндіру оңай болмай тұр. Өйткені жел күшейіп, өртті одан сайын өршітіп жатыр. 

Сондай-ақ...