Италияда жеткіншектерге Moderna екпесін салдыруға рұқсат етілді

Италияда енді жасы 12-ден асқан балаларға америкалық Moderna компаниясының коронавирусқа қарсы екпесін салуға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропаның дәрілік заттар жөніндегі агенттігі препаратты қолдануға рұқсат берді. Зерттеулерге сәйкес вакциналау нәтижесінде жеткіншектерде ересектермен бірдей антидене қалыптасады екен. Негізі Аппенин түбегінде 12-15 жас аралығындағы балаларға Pfizer және BioNTech компанияларының екпесін қабылдауға рұқсат етілген. Бүгінде Италиядан бөлек Франция, АҚШ, Израиль, Канада мен Сингапурде жеткіншектер вакцина салдыра алады. Ал Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаны жасы 3-тен асқан бүлдіршіндерге де шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етілген.

Сондай-ақ...