Ливанның солтүстігінде балқарағайлы орман өртеніп жатыр

Ливанда да бірнеше жерде орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде ең ірісі елдің солтүстігіндегі балқарағайлы орман өрті. Лаулаған жалын 10 мыңнан астам ағашты күлге айналдырған. Тілсіз жау Сириямен жақын жатқан елді мекендерге жақындап, қауіпті аудандардан тұрғындар эвакуацияланды. Тілсіз жаумен ондаған өрт сөндіруші күресіп жатыр. Бір маман көз жұмған. Өзге жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Мұнда да өрттің шығуына аптап ыстық себеп болуы мүмкін.