АҚШ-тағы химиялық зауытта апат болды: құрбан болғандар бар

АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон маңында орналасқан химиялық зауытта апат болды, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net. сілтеме жасап.

Салдарынан сірке қышқылы бар қоспа ауаға таралды. Кем дегенде екі адам мерт болып, 30 адам жарақат алды.

Зауыт тиесілі LyondellBasell компаниясы атмосфераға 45 мың килограмнан астам қоспаның таралғанын хабарлады.