424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үндістанның солтүстігінде су тасқынынан 14 адам мерт болды

  • 183
  • UPD: 11:21, 29.07.2021
Үндістанның солтүстігінде су тасқынынан 14 адам мерт болды

Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында толассыз жаңбырдан су тасып, 14 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан Кулу мен Киштвар аудандары қатты зардап шекті. Шелектеп құйған жауыннан өзендер арнасынан асып, жақын маңдағы ауылдарды су басқан. Адамдар қауіпсіз жерге қашып үлгермей жапа шеккендер көп. 30-дан астам адам із-түзсіз жоғалып кетті. Көп үй қирап, бүлінген. Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, қазір Үндістанда жаңбырлы маусым мезгілі. Соңғы бір аптада елдің батысы мен оңтүстігіндегі су тасқындарынан 180-нен астам адам көз жұмған.

Рошан Лаал, тұрғын:

- Тасқын таңсәріде аяқ астынан болды. Көшелермен өзенше аққан су жолындағының бәрін жайпап өтті. Мен келінім мен немеремді құтқара алмай қалдым.

Хабар 24 телеарнасы