Netflix өз актерлері үшін вакцинацияны міндеттеді

Netflix компаниясы студиялық жобаларға түсетін актерлерге, сондай-ақ олармен байланыста болатын қызметкерлерге вакцина алуды міндеттеді.

Бұл туралы Deadline хабарлады.

Netflix коронавирустың таралуына қарсы күресте осындай шараны енгізген Голливудтағы алғашқы студия болып табылады.

Компанияның бұл талабы студиялық жобалардың түсірілім тобының басқа да мүшелеріне қатысты.

Басылымның хабарлауынша, Netflix медициналық, діни немесе басқа себептер бойынша вакцинаны алмауға рұқсат етуі мүмкін.