Тұрғын үй бағасы қолжетімді елдер

Numbeo ғаламдық аналитикалық платформасы үй сатып алу қолжетімділігі бойынша әлемдегі 111 елдің рейтингін жариялады.

Жылжымайтын мүлік құнының отбасының жалпы кірісіне қатынасы ескерілді: бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым жақсы.

Тұрғын үй бағасы қолжетімді 10 ел:

  1. Сауд Арабиясы – 2.66.
  2. Оңтүстік Африка – 3.44.
  3. АҚШ – 4.04.
  4. Пуэрто-Рико – 4.15.
  5. БАӘ – 4.49.
  6. Палестина – 4.67.
  7. Оман – 5.45.
  8. Исландия – 6.11.
  9. Қатар – 6.13.
  10. Кипр – 6.57.

Тұрғын үй бағасы қолжетімсіз 10 ел:

  1. Гана – 101.2.
  2. Сирия – 66.09.
  3. Гонконг – 45,71.
  4. Камбоджа – 39,84.
  5. Шри-Ланка – 38,56.
  6. Ямайка – 35.21.
  7. Иран – 34.87.
  8. Филиппин – 30.2.
  9. Қытай – 27,89.
  10. Кения – 25.05.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстан бұл рейтингте 9,49 көрсеткішпен 77-орынға ие болды. 

ТМД елдеріне келетін болсақ: Өзбекстан – 26-орын (17.42), Беларусь – 27 (16.24), Ресей – 30 (15.31), Украина – 61 (11.21).

Ақпарат көзі: krisha.kz