425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токио Олимпиадасында тағы 24 адамнан коронавирус анықталды

  • 150
  • UPD: 13:33, 29.07.2021
Токио Олимпиадасында тағы 24 адамнан коронавирус анықталды

Жапонияда Олимпиада ойындарына қатысы бар тағы 24 адамнан коронавирус анықталды.

Бұл туралы шараны ұйымдастыру комитеті мәлімдеді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл Олимпиада басталғалы ең жоғарғы тәуліктік жұқтыру дерегі. Дертке шалдыққандар арасында 3 спортшы бар. Бірақ атлеттерге қатысты мәлімет жарияланбай отыр. Жалпы қазірге дейін Олимпиадада кронавирусты жұқтырғандар саны 200-ге жуықтады.

Айта кетейік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 40 мыңға жуық шетелдік барған.

Хабар 24 телеарнасы