Бразилияның оңтүстігінде қар жауды

Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында қар жауды, деп хабарлады жергілікті G1 порталы.

Мәліметтер бойынша, сәрсенбі күні штаттың кем дегенде 13 қаласында қар жауды, кейбір аудандарда бұршақ жауды.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаларға қарағанда, жергілікті тұрғындар биыл алғаш рет аққала жасау үшін далаға шыққан.

Алдағы күндері де Бразилияда ауа температурасы төмендеп, қар жауады деп болжануда.

Сондай-ақ...