Түркияда орман өрті құрбандарының саны артты

Туристер арасында танымал Анталия провинциясындағы Манавгат курортты қаласында орман өртінен қаза тапқандар саны 3 адамға жетті.

Марқұмдар арасында шетелдік саяхатшылар жоқ. Тағы 120-дан аса адам жарақат алды.

Айта кеткен жөн, өңірде орман өрті таяуда басталған. Оған күннің ыстығы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені аймақта ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді. Қала билігі 4 ауданның тұрғындарын шұғыл эвакуациялады. Жергілікті билік тілсіз жау туристік нысандарға еш қауіп төндіріп тұрмағанын айтады. Қазіргі таңда бұл аймақта барлық туристік экскурсия тоқтатылды.

Сондай-ақ...