Түркиядағы алапат өрт. LIVE

Шет жұрттан жеткен тағы бір ақпарат. Анталиядағы өрт 3 адамның өмірін қиды. Марқұмдар арасында қазақстандықтар жоқ.

120-дан аса адам жарақат алған. Орман өрті кеше басталған. Оған күннің ыстығы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені аймақта ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген. Қала билігі 4 ауданның тұрғындарын шұғыл эвакуациялады. Жергілікті билік тілсіз жау туристік нысандарға еш қауіп төндіріп тұрмағанын айтады.