Әлемнің әр түкпіріндегі табиғи апаттан адамдар әбігерге түсті

Үндістанның Химачал Прадеш штатында аяқасты су тасқыны жүріп, елді дүр сілкінтті. Тұрғындар қора-қопсы, үй-жай, мал-мүлкінен айырылып қалды. Адам шығыны да бар. 14 адам опат болған. 30-дан астам азамат із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

БЛИЦ:

- Тасқын таңертең аяқ астынан болды. Көше бойымен аққан су жолындағының бәрін жайпап өтті. Мен келінім мен немеремді құтқара алмай қалдым. 

Бангладешті топан су басты

Су тасқыны Бангладеш жұртын да әбігерге салды. Бірнеше адам көз жұмып, ондағаны жарақат алды. Жергілікті метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, жауын алдағы бірнеше күн бойы жалғасады.

АҚШ-та орман өрті өршіді

Ал АҚШ-тың кей штатында орман өрті дес бермей тұр. Салдарынан құзырлы органдар мыңдаған азаматты тұрғылықты мекенінен көшіруге мәжбүр болған. Билік өкілдерінің айтуынша, баспанасыз қалған тұрғындар уақытша орталықтарға орналастырылды. Айта кетейін, тілсіз жауды ауыздықтау үшін аймаққа 2 мыңнан астам маман тартылған. Бұдан бөлек ұшақ пен тікұшақтар да жұмылдырылған. 

БЛИЦ:

- Жағдай өте қорқынышты. Айналаның бәрі отқа оранған. Қатты желден өрт одан сайын өршіп, алқаптарды шарпып жатыр.

Оңтүстік Америка аптап ыстық пен орман өртімен арпалысып жатқанда оңтүстік Америкаға суық келді. Бразилияның 13 қаласына күтпеген жерден қар жауды. Синоптиктердің айтуынша, алдағы уақытта ауа температурасы минус 2 градусқа дейін түседі. 

Соңғы уақытта әлемде жиілеп кеткен табиғи апаттар – жаһандық жылынудың салдары. Таяуда ғалымдар осындай мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, 2050 жылға қарай жаһан жұрты ауаға кететін зиянды қалдықтарды нөлге жеткізсе де жер шарындағы климаттық өзгерістер тоқтамайды.

Сондай-ақ...