БАӘ тағы жеті елдің азаматтарына елге кіруге рұқсат берді

БАӘ тағы жеті елдің азаматтарына елге кіруге рұқсат берді
Gulf Business

Абу-Даби БАӘ-ге саяхат жасауға рұқсат етілген елдердің қатарына Бахрейн, Бруней, Болгария, Мальдив аралдары, Польша, Сербия және Украинаны қосты, деп хабарлады Gulf Business.

Өзгерістер 31 шілде жергілікті уақыт бойынша 14:00-ден бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта 31 елдің туристеріне БАӘ-ге саяхаттауға рұқсат берілген. Рұқсат етілген елдер тізімінен Дания, Франция, Исландия, Иордания, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Ирландия, Швеция, Түркіменстан және Ватикан шығарылды.