425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Солтүстік Кореяда ел экономикасы құлдырады

  • 177
  • UPD: 15:52, 30.07.2021
Солтүстік Кореяда ел экономикасы құлдырады

Солтүстік Корея экономикасы былтыр 4 жарым процентке құлдырады, деп хабарлайды Хабар 24.

Оңтүстік Кореяның Орталық банкі өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл соңғы 23 жылда тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Қаржы ұйымының сарапшылары коммунистік ел экономикасының кері кетуіне Біріккен Ұлттар Ұйымының санкциялары, коронавирусқа қарсы локдаун мен қолайсыз ауа райы себеп болғанын айтады. Алайда Солтүстік Корея билігі «Ковид-19» індетін жұқтыру жағдайы туралы ешқашан ресми мәлімдеген емес. Десе де өткен айдың аяғында Ким Чен Ын коронавирусқа қарсы шаралардың сәтсіз болып, елде үлкен дағдарыс басталғанын айтқан болатын.

«Рейтер» ақпаратына сәйкес, Солтүстік Кореяның халықаралық деңгейдегі сауда көлемі 2020 жылы 73,4 процентке дейін қысқарған.

Хабар 24 телеарнасы