Түркияда орманды алқапқа кіруге тыйым салынды

Соңғы ақпар бойынша 6 провинцияның 20-дан астам жерінде өрт жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сынап бағанасының 40-тан жоғары болуына байланысты оны алауыздауға мүмкіндік болмай тұр. Әсіресе, Анталияның Манавгат ауданындағы ормандық алқаптағы тілсіз жау жел салдарынан тез тарап жатыр. Ал Мұғланың Бодрум мен Милас аудандарында шыққан өрт сөндірілді. Өрттің не себепті шыққаны белгісіз. Барлық провинцияда тергеу жұмыстары басталған. Айта кеткен жөн, жергілікті билік, тұрғындардың ормандық алқаптарға кіруіне тыйым салды.

Сондай-ақ...