425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

АҚШ-та соққан қос торнадо үлкен зардап әкелді

  • 136
  • UPD: 17:41, 30.07.2021
АҚШ-та соққан қос торнадо үлкен зардап әкелді

АҚШ-тың Пенсильвания штатында екі бірдей торнадо соғып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құйын жергілікті автосалон ғимаратына зақым келтірген. Сондай-ақ автотұрақтағы көліктер де зиян шекті. Бакс округінде де бірнеше ғимарат қирап қалды. Табиғи апат салдарынан 8 мыңнан астам тұрғын үй мен кәсіпорындар жарықсыз отыр. Метеорологтар Нью-Джерси және Пенсильвания штаттарында су тасқыны болуы мүмкін деп ескертті. Билік тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беруде.

Хабар 24 телеарнасы