423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Португалияда қыркүйекке дейін халықтың 70% егіледі

  • 139
  • UPD: 19:31, 30.07.2021
Португалияда қыркүйекке дейін халықтың 70% егіледі

Португалияда халықтың 70 проценті қыркүйек айына дейін толық вакцина салдырып, ұжымдық иммунитетке қол жеткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет осындай мақсат қойып отыр. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, қазір жасы 16-дан асқан тұрғындардың 52 проценті, яғни 5 жарым миллиондай адам екпенің 2 дозасын қабылдаған. Жоспарға сәйкес, қазан айында бұл көрсеткіш 85 процентке жетуге тиіс. Осыған байланысты премьер-министр шектеулерді жеңілдету алдағы 3 айда 3 кезең бойынша іске асатынын айтты. 1 тамыздан бастап мейрамханалар, сауда орындары мен мәдениет орталықтары түнгі 2-ге дейін ашық тұруға рұқсат беріледі. Тек ішке кіргенде электронды вакцина куәлігін немесе теріс нәтижесі бар тестіні көрсету керек. Үйде жұмыс істеу бұрынғыдай міндетті болмайды.

Антониу Кошта, Португалияның премьер-министрі:

– Алдағы жексенбіде, 1 тамызда Португалия халқының 57 проценті вакцинаның 2 дозасын алады деп жоспарлап отырмыз. Екпе салдыру індетпен күресте тиімділігін көрсетіп жатыр. Өлім-жітім деңгейі төмендеп, науқастар саны азайды, ауруханалар да босап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы