425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркиядағы Измир қаласынан өрт шықты

  • 327
  • UPD: 23:48, 30.07.2021
Түркиядағы Измир қаласынан өрт шықты

Қазір төтенше жағдайлар қызметі аймақта отпен арпалысып жатыр.

Сонымен қатар қазір Анталияның Манавгат ауданындағы Салур елді мекенін де өрт шалды. Аймақтағы құтқарушылар түгелдей осында жұмылдырылған. Осымен Манавгат ауданына қарасты 106 елді мекеннің 42-сі зардап шекті, 27-сі эвакуацияланды. Бұдан бөлек, Мармаристе де осыдан жарты сағат бұрын жалын көтерілген. Муниципалиет басшысы халықты сыртқа шықпауға шақырды.

Мехмет Октай, Мармария муниципалитеті басшысы:

– Құрметті Мармарис тұрғындары мен қымбатты қонақтар! 26 сағаттан бері Мармаристе өкпеміз күйіп жатыр. Жағдайға қатысты барлық мекеме жұмылдырылды. Дегенмен өртті сөндіре алған жоқпыз. Бәріңізден сұраймын, қатты қажет болмаған жағдайда жеке көлігіңізбен сыртқа шықпаңыз. Жедел жәрдем, өрт сөндіру топтарымыз дер кезінде апат орнына жете алмай отыр. Өтініш, сыртқа шықпаңыз!

Хабар 24 телеарнасы