Маңғыстау облысында эпидахуал нашарлады

Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты. Шілде айының басымен салыстырғанда 4 есеге өскен.

Облыс орталығындағы инфекциялық станционар лық толып, резервтегі орындар ашыла бастады. Реанимациялық төсек саны 60-тан 98-ге дейін көбейді. Қазір 1 мыңға жуық науқас ем қабылдап жатыр. Осыған орай өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша мониторинг жұмыстары күшейтілді. Ақтау қаласының әкімдігі, жергілікті полиция қызметкерлері және депуттаттар бірлесіп, қоғамдық орындарға  тексеріс жүргізуде. Осы аптада санитарлық талапты сақтамаған 4 нысанға акт толтырылды.

Айта кетейік, сенбі, жексенбі күндері сауда орындары, базарлар, аквапарктер, кинотеатрлар жабық болады. Облысаралық және қалаішілік қоғамдық көліктердің тасымалы да тоқтатылды.