Швецияда бірнеше күн қатарынан ковидтен ешкім қайтыс болған жоқ

Швецияда коронавирусқа байланысты кісі өлімі нольдік деңгейге жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, елде бір аптадан бері індеттен бір де бір адам қайтыс болмаған екен. Сарапшылар мұның бір себебі вакциналауға байланысты болуы мүмкін дейді. Тұрғындардың 75 проценті екпенің бір компонентін, ал халықтың жартысынан астамы екі дозасын да алыпты. Осы ретте билік шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр. Дегенмен,  Корольдікте өзге елдердегідей вирустың дельта штамы тіркелуде. Бір тәулікте шамамен 500-дей науқас анықталады.