425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Токио Олимпиадасында ковид жұққан адам саны 250-ге жуықтады

  • 170
  • UPD: 12:08, 31.07.2021

Өткен тәулікте Олимпиадада тағы 21 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Сөйтіп, дүбірлі дода қатысушылары мен делегаттары арасындағы вирус жұқтыру оқиғалары 250-ге таяп қалды.

Жалпы шара өтіп жатқан Токио халқы арасында вирус жұқтырғандар көп. Осыған байланысты төтенше жағдай тәртібі 31 тамызға дейін ұзартылды. Соңғы кезде қалада ахуалдың нашарлауы Олимпиадамен байланысты деген әңгімелер айтылып жүр. Алайда осы күнге дейін шара қатысушыларынан жергілікті тұрғындарға індеттің жұғу дерегі тіркелмеген. Мамандардың түсіндіруінше, бәріне дельта штамы себеп. Сондай-ақ вакциналау науқанының баяу жүруі де әсер еткен болуы мүмкін.

Наоки Тамура, жергілікті тұрғын:

- Билік вирустың таралуын тежеу үшін төтенше жағдай тәртібін ұзартты. Алайда оның пайдасы шамалы сияқты. Өйткені бұл тәртіпке қарамастан мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Адам көп. Меніңше, билік тұрғындардың жүріс-тұрысын шектеуі керек. Мүмкін сонда бұл шара өз тиімділігін көрсететін шығар.

Хабар 24 телеарнасы