Перуде қуатты жер сілкінісінен 40 адам жараланды

Перудің солтүстік-батысында 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 40-тан аса адам жарақат алды. Екеуінің жағдайы ауыр.

Бірнеше ғимаратқа нұқсан келген. Жерасты дүмпулері көрші Эквадорда сезіліпті. Табиғат апаты кезінде бірнеше күн бұрын ғана өз қызметіне кіріскен президент Педро Кастильо әскери шеруде болған екен. Алайда зілзала туралы естіген мемлекет басшысы шараға аяғына дейін қатыспай, жапа шеккен өңірге аттанды.

Хосе Ривера, жергілікті тұрғын: 

- Мен базарада сатушы болып жұмыс істеймін. Жер сілкінісі кезінде сол жерде болғанмын. Зілзала басталғанда жұрт жан-жаққа қашып, қатты қорқып кетті. Жер сілкінісі біраз уақытқа созылды. Мұндайды 1972 жылдан бері алғаш көруім.

Сондай-ақ...