Грекияда сынап бағанасы 40 градустан түспей тұр

Грекияда керісінше ауа температурасы 40 градустан төмен түспей тұр. Осы ретте жұрт жаппай су жағасына лап қойған.

Қатты ыстыққа байланысты кейінгі тәулікте 50 шақты орман өрті тіркелген. Синоптиктер аптап ыстық әлі бір аптаға жалғасатынын болжап отыр. Дүйсенбіде ауа температурасы 45 градусқа дейін жетуі мүмкін. Мамандар мұндай ыстық 35 жылда болмаған деп отыр.