Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 100-ге жуықтады

Қытайдың Гуанчжоу қаласында метроны су басты. Жерасты өткеліндегі судың биіктігі 2 метрге дейін жеткен. Жолаушылар мен қызметкерлер дер кезінде эвакуцияланып, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Қытайдың басқа қаласында ұқсас жағдай болған еді. Елдің шығысындағы Чжэнчжоуда метроны су басып, жолаушылар пойыз ішінде қамалып қалған. Шаһарда жауын-шашынның рекордтық мөлшері жауған. Салдарынан ауыл шаруашылығына елеулі нұқсан келтірілді. Соңғы дерек бойынша елдің шығысындағы су тасқыны құрбандарының саны 99 адамға жеткен. Алдын ала есептеулер бойынша табиғат апатынан 14 миллиард доллар материалдық шығын келтірілді.