423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркия билігі өрттен жапа шеккен өңірлерді апат аймағы деп жариялады

  • 247
  • UPD: 17:59, 31.07.2021

Түркия президенті өртенген өңірлерді апат аймағы деп жариялады.

Мұнда тілсіз жаудың бой бермей тұрғанына бірнеше күн болды. Десе де өршеленген 98 өрт ошағының 88-інде қауіп сейілді. Қазір 5 провинцияда орман өртеніп жатыр. Олардың арасында туристік орталықтар да бар. Соңғы мәлімет бойынша өрттен 6 адам опат болған. Олардың арасында шетелдіктер жоқ. Тағы 200-ге жуық адам жапа шекті. Билік оларға өтемақы төленетінін мәлімдеді. Бұл мақсатқа 3 жарым миллион доллар бөлінген.    

Мехмет Демир, Манавгат тұрғыны:

– Өрт таяп қалғанда, біз бәрін тастап, орталыққа кетіп қалдық. Мен үйімді 1982 жылы салғанмын. Ол өртеніп кетті. Енді әйелім екеуімізде түк қалмады. Не істерімізді білмейміз. Зейнетақыдан басқа түк алмаймыз. Биліктен бір көмек болар деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы