Қытай аумағында трансшекаралық электрондық сауда көлемі артып келеді

Қытай аумағында өз тауарын онлайн сатуға ниет білдіріп жатқан шетелдік өндірушілер қатары көбейіп келеді.

Биыл алғашқы 5 айда көрші елде трансшекаралық электрондық сауда 40 процентке артып, көлемі 100 миллиард долларға дейін жетті. Бұған пандемияның да әсері болған. Өйткені қазір адамдар керегіне үйде отырып-ақ тапсырыс бере алады. Ал өз өнімдерін онлайн сату қызметін қытайлық бірнеше платформа ұсынады. Билік рұқсат етілген тауарлардың тізімін құрған. Онда шамамен 1400 зат бар. Кәсіпкерлер тауарды платформаға сата алады немесе тура сол жерде жеке дүкенін аша алады. Мамандардың айтуынша, соның арқасында уақыт пен ақша үнемдеуге болады.

 Лю Инци, сауда алаңының басқарушы директоры:

– Трансшекаралық электрондық платформа арқылы тауарларды сатудың бірқатар артықшылығы бар. Біріншіден, ондағы рәсімдер әлдеқайда жеңілдетілген. Мәселен, кәдімгі экспорт кезінде тіркеу, тексеру және карантиннен өту үшін 6 айдан бір жылға дейін қажет. Ал трансшекаралық электрондық саудада тіркелу ғана жеткілікті. Оның өзіне ары кетсе бір ай кетеді. Сондай-ақ, әдетте экспорттаушы тарап үшін баж салығы секілді түрлі төлемдер қарастырылған. Біздің жағдайда өндіруші өз тауарын тікелей тұтынушыға сатады. Тек трансшекаралық салық қана талап етіледі. Бұл шығындарды азайтары сөзсіз.

Сондай-ақ...