Венгрияда мыңнан астам медбике ереуілге шықты

Венгрияда мыңнан аса медбике ереуілге шығып, жалақыны көбейтуді талап етті, деп хабарлайды Хабар 24.

Наразы топ пандемия кезінде жұмыс көбейгенін айтады. Бірақ еңбекақы сол күйінде қалған екен. Статистика бойынша, ақшасы аз болғандықтан жыл сайын Венгриядан 500-ге жуық медбике өзге елдерге кетіп қалады екен. Негізі былтыр күзде билік барлық дәрігерлердің жалақысын көтерген болатын. Бірақ медбикелердің еңбекақысы өзгеріссіз қалған. 

Илона Борос, медбике:

– Аз ақша алатындықтан әріптестерімінің көбі шетелге кетіп қалуға тырысады. Ал жасы үлкендері ертерек зейнетке шығып кетудің амалын жасайды.

Сондай-ақ...