425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

СOVID-19: Таиланд мәйітханаларында орын жетпей жатыр

  • 124
  • UPD: 10:21, 01.08.2021
СOVID-19: Таиланд мәйітханаларында орын жетпей жатыр

Салдарынан марқұмдардың мәйітін аурухана жанында орнатылған тоңазытқыш контейнерлерде ұстауға тура келуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір вирустың Дельта штамы тез тарап барады. Тәуліктік өсім 20 мыңға, ал бір күндегі кісі өлімі 200-ге жуықтады. Мәйітханадан бөлек, емханаларда да ауырған адамдарды жатқызатын орын тапшы. Осы ретте ел астанасындағы халықаралық әуежай ғимараты ковид-науқастарға арналған уақытша госпитальге айналды.

Пхарухат Тор-Удом, аурухана директоры:

– 2004 жылы елімізде болған алапат цунамиден кейін дәл қазіргідей марқұмдардың денесін сақтайтын орын жетіспеген. Сол кезде аурухана сыртында тоңазытқыш камераларды орнатуға мәжбүр болған едік. Өкінішке қарай, қазір де осындай қажеттілік туындап отыр.

Хабар 24 телеарнасы