Түркияның оңтүстігіндегі орман өртіне қатысты күдікті ұсталды

Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Түрік басшысының айтуынша, алапат өртке «Күрдістанның жұмыс партиясының» қатысы да болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, шілденің 28-сінде Анталияның Манавгат ауданында өрт шығып, кейін ол басқа аудандарға тарап кеткен еді. Осыған байланысты өрттен жапа шеккен өңірлер апат аймағы деп жарияланды.

Айта кетейік, бүгінге дейін өрт ошақтарының басым бөлігі сөндірілді.

Pежеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Миластағы өртке байланысты бір адам ұсталды. Осыған дейін айтып келгенімдей, террорлық ұйым басшыларының ормандарды өртеу туралы тапсырмаларынан кейін от шалған алқаптардың аумағы 2 есеге артып кетті. Түнеугүні болған өрттің кейбірі дәл осындай бұйрықпен жасалған болуы мүмкін деген де күдік бар. Сондықтан біз кінәлілерді мейлінше тезірек анықтап, тиісті жазасын беруіміз қажет.