Бразилияда кофе ағаштары үсіп жатыр

Бразилияға ақшұнақ аяз келді.

Мұндай ауа райына кофе ағаштары шыдас бермей жатыр. Билік өкілдерінің есебі бойынша, күн райының қолайсыздығынан арабика кофесі ағаштарының 10 проценті үсіп қалған. Бұл шамамен 200 мың гектар жер. Осындай жағдайға байланысты елде кофе бағасы да қымбаттап кеткен.

Айта кетейік, кофе өндіру бойынша Бразилия әлемде көшбасы ел саналады.

БЛИЦ:

- Енді бұл ағаштарды тамырымен жұлып алып тастау керек. Себебі аязды ауа райының кесірінен жапырақтар мен бұтақтың бәрі үсіп қалды.

- Мына плантацияда өсімдіктердің 80 процентке жуығына зақым келсе, келесісінде жартысы зардап шекті. Жалпы, аймақ бойынша шығын көлемі 40 пайызға жетеді.