Беларусь өз азаматтарына коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны тек келер жылы ғана сала бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы ұлттық академия басшысы Владимир Гусаков мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін препараттың прототипі жасалған. Енді ол жануарларға сыналуы тиіс. Содан соң ғана клиникалық сынақтан өткізіледі.
Айта кетейік, Беларусьте ковидке қарсы дәрінің жасалып жатқаны туралы ел президенті Александр Лукашенко мамырдың жетісінде жария еткен болатын. Ал қазіргі уақытта бұл ел ресейлік Спутник V вакцинасын шығарып жатыр.