Олимпиадада спортшылардың алкогольді ішімдік ішуі бойынша тергеу басталды

Олимпиада ауылында алкогольді ішімдік ішу дерегі бойынша Токиода тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, бірнеше спортшы саябақта топ болып жиналып, санитарлық талаптарды бұзған. Осыған байланысты полиция да шақыртылыпты. Тәртіп сақшылары әзірге ереже бұзған атлеттердің есімі мен олардың қай елден келгенін жарияламай отыр.