Ливия жағалауында 200-ге жуық мигрант құтқарылды

Дені Сирия, Нигерия, Камерун мен Ганадан шыққан азаматтар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Анықталғандай, босқындар мінген қайық апат сигналын бергеннен кейін құтқарушылар азаматтарды аман алып қалу үшін 4 рет арнайы операция ұйымдастырған. Қазір босқындардың бәрі құтқару кемесінде. Жағаға түсу үшін арнайы рұқсат берілуін күтуде.