Иракты аптап ыстық алқымнан алды

Ирак астанасы Бағдадта күн күйіп тұр. Термометр көрсеткіші 50 градусқа жетіп қалған.

Тұрғындар ыстықтан қорғану үшін көлеңке іздеп, суға зәрулік артты. Мұндай кезде ақшаң болса көшеде салқын суға шайынып алуға да болады. Күннің ыстығын пайдаланып, осылай пайда тауып жатқандар бар. Мұндайда ел тоқты көп тұтынатындықтан жарық та жиі өшіп қалып жатыр.