Нью-Делиді топан су басты

Үндістан астанасы Нью-Делиді су басты. Толассыз жауған жауын соңы тасқынға ұласқан. Көшеде жүріс қиындап, бірнеше үйге су кірді.

Қазір жергілікті коммуналдық қызмет сол суды сорып әлек.

Айта кету керек, тропикалық аймақта орналасқан Нью-Делиде жылдың осы кезінде жауын айлап жауады. Алайда қаладағы кәріз жүйесі ескіргендіктен жиі бітеліп, шаһарды судан тазарту жұмыстарында үнемі қиындық туып жатады.

Сондай-ақ...