Аргентинада жағалауда тұрған үй тұтастай мұхитқа құлады

Аргентинадағы Мар дель Тую қаласында жағалауда тұрған үй табанынан опырылып, мұхитқа құлап түсті.

Үй жағаға соққан алып та асау толқындарға шыдас бермей суға құлаған.

Желіде тараған видеода оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

Айта кету керек, Мар дель Тую – Аргентинадағы курортты қала. Мар дель Тую Атлант мұхитының жағалауында орналасқан.

@PressTV

Автор: Г.Абилова