Камбоджада 12 жастан асқан балаларға вакцина салына бастады   

Камбоджада 12 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады.

Балаларға британдық Астра-Зенека мен қытайлық Сино-вак препаратын егу көзделген. Бұдан бөлек, жуырда медицина мамандарына ковидке қарсы дәрінің үшінші дозасы ұсынылмақ. Камбоджа премьер-министрінің айтуынша, мұндай шара елдегі эпидахуалға байланысты қабылданып отыр. Өйткені соңғы уақытта Дельта штамын жұқтырғандар қатары артып кеткен. Індеттің алдын алу мақсатында осы аптада Камбоджаның 8 провинциясында қайтадан карантин енгізілді.

– Вирустың таралуын тоқтатып, коронавирусты тезірек жеңіп шығу үшін осында вакцина алуға келдім. Көп ұзамай бәріміз қайтадан бетпердесіз жүреміз деп үміттенемін.

– Вакцина арқылы қайтадан қалыпты өмірге орала алатынымызға сенемін. Және ол елдегі экономикалық ахуалды жақсартуға да септігін тигізері сөзсіз.

Сондай-ақ...