Ауғанстанда тәліптердің шабуылы күшейді  

Ауғанстанда «Талибан» содырларының шабуылы күшейді.

Елдің оңтүстігі мен батыс өңірінде тәліптер мен үкімет әскерінің арасында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. Лаңкестер Лашкаргах, Қандағар және Герат қалаларын басып алуға әрекет етуде. Шабуылдарға байланысты елде коменданттық сағат енгізілген. Гильменд провинциясының орталығы Лашкаргах шаһарының жергілікті ауруханасы жарақат алған бейбіт тұрғындарға толы. Тәліптер қаладағы бірнеше аудан мен стратегиялық маңызы зор жолдарға бақылау орнатқан.

Ажмал Омар Шинуари, Ауғанстан әскерінің ресми өкілі:

– Әсіресе Лашкаргахта жаудың қарқыны жоғары. Біздің әскер оларға тойтарыс беруге дайындалып жатыр.

Сондай-ақ...