Италияда орман өрті дес бермей тұр

Кәрі құрлықтың бірнеше елінде орман өрті дес бермей тұр.

Тілсіз жау Италияның Сицилия аралын жалмап жатыр. Онда өрттің ондаған ошағы тіркелген. Апаттың өршуіне аймақтағы аптап ыстық себеп. Аймақта ауа температурасы 45 градустан асады. Өрттен жергілікті әуежай уақытша жұмысын тоқтатты. Кей тұрғындар баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Қазір Палермо, Трапани, Энна Мен Сиракузы қалаларындағы өртті ауыздықтау үшін 800-ден астам маман тартылды. 

Орман өрті Грекияның орманды алқабын да жалмап жатыр. Апатпен 300-ден астам өрт сөндіруші мен ондаған арнайы техника  арпалысуда. Мамандар қызыл жалын жағажайда орналасқан бірнеше тұрғын үйді күлге айналдырғанын хабарлайды. Қазір Парты қаласында қауіпті деп саналған өңірден тұрғындар эвакуациялануда. Қара түтіннен тыныс алуы қиындаған ондаған адам ауруханаға түсті. Жергілікті билік халықты барынша сақ болуға шақырады.

Сондай-ақ...