ЕЭО: пандемияға байланысты берілген уақытша жеңілдік аяқталады   

Еуразиялық Экономикалық Одақ аумағында уақытша жүрген көліктер 30 қыркүйекке дейін шекарадан шығуы керек.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды. Шектеу одақтың кедендік аумағына үшінші мемлекеттерден жеке тұлғалардың қажеттіліктері үшін әкелінген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына қатысты. Егер олар аталған талапты орындамаса, кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленуі тиіс.

Еске салайық, пандемияға байланысты бұл мерзім 18 айға созылған еді. Енді бұл уақыт 30 қыркүйекте аяқталады.

Әлібек Абдилов, ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы:

– Еуразиялық Экономикалық Одақтың аумағында уақытша жүрген көліктер 30 қыркүйекке дейін шекарадан шығуы керек.

Бұл мерзім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 25 шешімімде көрсетілген.

Бұл шешім Одақтың кедендік аумағына болу уақытының пандемияға байланысты 18 айға ұзартылған мерзімді тоқтатады. Осыған дейін одаққа тұрақты тұру үшін көшіп келген шетел азаматтарының, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің одақтың кедендік аумағына баж алымынсыз жеке мүлігінін алып келуге қатысты жеңілдік болған.

Көлік құралдары а.ж. 30 қыркүйегіне дейін әкетілмеген жағдайда кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленуі тиіс.