Германияда коронавирусты жоққа шығарушы 600 адам қамалды

Германия астанасында полиция коронавирусты жоққа шығарушыларды күшпен таратты.

Бірнеше мыңдаған адам қатаң шектеуге қарамастан қаланың орталығында жиналып, көлік кептелісінің түзілуіне себеп болған. Билік енгізген барлық ережеге қарсы шыққан топ карантинді алып тастауды талап еткен. Нәтижесінде 600-ден астам адам қамауға алынды. Осыдан кейін ғана, қалған ереуілшілер үйлеріне тарай бастады.

Тило Каблитц, Берлин полициясының баспасөз хатшысы:

Басында адамдар аз жиналды. Кейін шағын топтар тыйымдарға қарамастан біріге бастады. Мәселен, бір жерде 2 мың адамға дейін бас қосты. Олар қаланың басты символы Барнденбург қақпасына бармақ болды. Бізге көшелерді жауып, тіпті су шашуға тура келді. Рұқсат етілмеген шеруге қатысушыларды қамауға алдық. Операцияға 2 мыңнан астам әріптесім тартылды.