Коронавирус індетін түбімен жою мүмкін болмай тұр – Қытай билігі

Қытай билігі елде COVID-19 індетін толық тоқтату, әзірше мүмкін болмай тұрғанын айтады.

Өткен тәуліктің өзінде Қытайда 100 ге жуық адам инфекция жұқтырған. Олардың басым бөлігі – вирустың «Дельта» штамына шалдыққандар. Мамандардың айтуынша, науқастардың жартысы сырттан келгендер. Сол себепті үкімет біртіндеп карантиндік шараларды күшейте бастады. Атап айтқанда, тұрғындардың қозғалысы шектеліп, жұмыс уақыты қысқара бастады. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бүгінде 1,5 мың қытайлық тұрғын ем қабылдап жатыр. Ал науқастармен қарым-қатынаста болған 25 мың азамат оқшауланды.