Австралияда локдаун мерзімі ұзартылды

Австралияның Брисбен қаласында жарияланған локдаун мерзімі аптаның соңына дейін ұзартылды.

Бұған аурудың «дельта» штамының кең етек жаюы себеп болды. Соңғы тәулікте аймақта қауіпті инфекция 13 адамда анықталған. Әзірше тұрғындар сыртқа тек спортпен шұғылдану үшін, ауруханаға немесе азық түлік алу үшін ғана шыға алады. Мамандар болса тұрғындарға барынша сақ болып, екпе қабылдауды ескертіп отыр.

Айта кетейік, бүгінде ел тұрғындарының 19 проценті толық вакцина қабылдаған. 

Стивен Майлз, Квинсленд штаты премьерінің орынбасары:

– Үш күндік локдаун аз болғанына көзіміз жетті. Енді шектеу шаралары жексенбіге дейін жалғасатын болады. Осы уақытқа дейін барлық науқастардың қозғалысын анықтап, олармен қатынаста болғандарды карантинге оқшаулаймыз.

СИДНЕЙДЕ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Ал Сиднейде карантин талаптарының орындалуын әскерилер қадағалайтын болды. Тәртіп сақшыларына шамамен 300 әскери көмек көрсетпек. Олар науқастардың үйлерінен шықпауын бақылап, көшедегі тәртіпке жауап бермек.

Естеріңізге салайық, аймақта карантин талаптары айдың соңына дейін өз күшінде болады. Ел тұрғындары маска тағу режимін де сақтауы тиіс болады.