424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қытайда екінші және үшінші балаға жәрдемақы төленетін болды

  • 145
  • UPD: 14:21, 02.08.2021
Қытайда екінші және үшінші балаға жәрдемақы төленетін болды

Қытайдың Сычуань провинциясындағы Паньчжихуа округінде ағымдағы жылдың 12 маусымынан кейін туылған, әр екінші мен үшінші балаға 3 жасқа дейін ай сайын 500 юань жәрдемақы төленетін болды.

Бұл шамамен 33 мың тенге. Билік жуырда өткен халық санағынан кейін осындай шешім шығарып отыр. Санақ нәтижесі бойынша, аймақта бала туу көрсеткіші төмендегені анықталған. Сондай ақ  ұлттың қартаю көрсеткішінің нәтижесі де түрткі болған. Жаңа заң әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Тұрғындардың айтуынша бұл сома тым аз. Айтуынша балаға жұмсалатын негізгі шығын 4 жастан басталады.

Ян Вэньчжуан, Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитет департаментінің басшысы:

– Отбасын қолдау саясаты түрлі аспектілерді қамтиды. Мәселен босану кезі, бала күтімі мен оның білім алуына да көмек қарастырылған.  Біз әр отбасына бала күтімінде қолдау көрсеткіміз келеді.

Жергілікті билік алдағы уақытта да үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін айтып отыр.

Атап айтқанда, 3 жасқа дейінгі саЛық жеңілдігі мен жас отбасылар үшін тұғын үй алу мүмкіндіктері  қарастырылмақ. Сонымен қатар, елде қосымша бөбекжай-бақшалар ашылып, мектептегі білім беру сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша билік  алдағы 15 жылда демографиялық саясатты жаңартпақ ниетте.

Хабар 24 телеарнасы