425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

COVID-19-бен ауырған қарт адамдардың миында өзгеріс байқалған

  • 333
  • UPD: 14:56, 02.08.2021
COVID-19-бен ауырған қарт адамдардың миында өзгеріс байқалған

Коронавирус қарт адамдарда Альцгеймер кезінде болатын ми өзгерістеріне әкелуі мүмкін.

Бұл туралы MedicalXpress хабарлады.

Аргентиналық ғалымдар коронавируспен ауырғаннан кейін алты ай ішінде егде жастағы адамдардың есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетінде көптеген деменциялық өзгерістер байқалатынын анықтады. 

АҚШ-та жүргізілген тағы бір зерттеуде коронавирустың бастапқы кезеңінде неврологиялық симптомдар байқалған Нью-Йорктің қарт тұрғындарының қанынан деменциямен байланысты ақуыздар анықталған.

Вируспен ауырғандардың 20%-інде 3-6 ай ішінде есте сақтау қабілеті жағынан проблемалар пайда болған.

Хабар 24 телеарнасы